"Имантау орта мектебі" КММ әкімшілігі 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші сыныпқа қабылдау бастағанын және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына жалғасатынын хабарлайды. Қабылдауға Smart Nation платформасында баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері өтініш бере алады.
17 мамырда "Имантау ОМ" КММ кітапханасында заманауи оқушының назарын кітапқа аудару, заманауи интерактивті әдістердің көмегімен оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында "Менің демалыстағы кітабым" атты буккроссинг өтті.
"Имантау ОМ" КММ – де "Мамыр – Ынтымақ айы" айлығы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында диктанттар, 5-11 сынып оқушылары арасында "1 Мамыр – Бірлік пен Татулық мерекесі", "1 Мамыр-Бірлік пен Жасампаздық мерекесі" тақырыптарында Қазақстан халқының бірлігін нығайту, мақтаныш және өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында эссе жазылды.
17 сәуір күні «Имантау орта мектебі» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі И.А.Кулишева, М.А.Абиева 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын Орда және оның мұрасы» тақырыбында іс-шара – дөңгелек үстел өтті. Жошы Ұлысының құрылғанына 800-жыл толуына арналған. Оқушылар бұл оқиғаның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызы туралы өз көзқарастарын белсенді түрде ортаға салды. <a class="x1i10hfl xjbqb8w x1ejq31n xd10rxx x1sy0etr x17r0tee x972fbf xcfux6l x1qhh985 xm0m39n x9f619 x1ypdohk xt0psk2 xe8uvvx xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd
Имантау орта мектебінде 11 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары қазақ халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізетін болады және қазір де өткізу үстінде. Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені,