5 мамырда «Имантау ОМ» КММ-де мектеп психологтары түлектермен «Стресске төзімділік және емтиханға дайындалуға көмек» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізді.
"Имантау ОМ" КММ-де мемлекеттік мерекеміз Жеңіс күні қарсаңында 4 мамыр күні "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өткен болатын. Бұл шараға 5-11 сынып оқушылары арасынан - 183 оқушы және де ересектер арасынан 65 адам қатысты.
27 сәуірде "Имантау ОМ" КММ - де 9-сыныптарда балалармен бірлесіп "Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудағы отбасының рөлі" атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Н.Ф. Юмакулова балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі туралы айтып берді, педагог-кәсіби бағдар беруші А. М. Аржикеева ата-аналарды балалары мектептен соң білім ала алатын әртүрлі білім беру мекемелерімен таныстырды. Практикалық бөлімді мектептің әлеуметтік педагогтары Г.В. Малина және Д.Х. Тумгоева өткізді, бұл бөлімде ата-аналар мен балалар бір-біріне тілектер жазды.
26 сәуірде «Имантау ОМ» КММ-де мектеп психологтары әлеуметтік желілерде кибербуллингтің алдын алу мақсатында 7-сынып оқушыларымен «Әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
24 сәуірде "Имантау ОМ" КММ-де салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы "Мен сені сүйемін, өмір" атты сынып сағаты өтті. Сабақта оқушылар темекі және алкоголь өнімдерін тұтынудың зияны жөнінде әңгіме қозғады.
20 сәуірде "Имантау ОМ" КММ - де оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жоспары аясында дене шынықтыру мұғалімі Е.П. Петровамен "Анам, әкем, мен-спортшыл отбасы" атты спорттық сайыс өтті.
17 сәуірде буллингке қарсы профилактикалық іс-шаралар аясында "Имантау ОМ" КММ-де бейбітшілік пен бір-біріне достық қарым-қатынас мәселесі бойынша сынып сағаты өтті.