Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған жұмыс жоспары аясында "Имантау орта мектебі " КММ – де 1-4 сыныптарда «Жақсы деген не және жаман деген не?» және 5-8 сыныптардағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, арандатушылық және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы сынып сағаттары өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша басталған жұмысты жалғастыра отырып, "Имантау орта мекстебі" КММ - де сыныптар арасында «Адалдық сағаты» өткізілді.
Халықаралық балалар кітабы күні жыл сайын 2 сәуірде атап өтіледі, 2023 жылы мерекеге әлемнің ондаған елдерінің тұрғындары қосылады.. Бұл күн кездейсоқ емес: бұл мейрам тарихтағы ең танымал жазушыларының бірі — Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне сәйкес келеді. Соған орай біздің кітапханада "Балалар кітабы апталығы" мерекесі өтті. Балалар мерекенің пайда болу тарихын тыңдады, сондай - ақ "Әр адамның өмірі-құдай жазған ертегі" атты көрмесі ұйымдастырылды. Балалар кітаптар туралы өлеңдер дайындап, айтып берді. Ал кітапханашылар балаларға арналған конкурстар дайындады
3 сәуір күні "Қауіпсіз терезе" акциясы аясында "Имантау ОМ" КММ - де 1-11 сыныптарда оқушылар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында "Мектептегі мінез-құлық ережелері" және "Қауіпсіз терезе" сынып сағаттары өтті.
30 наурыз күні "Имантау ОМ" КММ-нде әлеуметтік педагогтар Айыртау ауданы ПБ ОМПС МДП УПИ қызметкері полиция лейтенанты А. В. Кенеспен бірлесіп 7-11 сынып оқушыларымен "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу", "Kәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі" және 1-4 сынып оқушыларымен "Жол қозғалысы ережелерін сақтау", "Балалар жарақатының алдын алу" тақырыптарында профилактикалық әңгімелер өткізді.
29 наурыз күні «Имантау орта мектебі» КММ-де мектептің психологтары сыныптың салауатты ахуалын нығайту мақсатында 9-сынып оқушыларымен «Жасөспірімдердегі тұлғааралық қатынастар» атты жұмыс жүргізді.
17 наурызда «Имантау ОМ» КММ-де оқушылармен ата-аналар іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп психологтары «Қалай қорқытудың құрбаны болмау керек?» дөңгелек үстел өткізілді. Ол екі бөлімнен тұрды, теориялық, мұнда оқушы мен ата-аналар «Буллига» ұғымын кеңейтті және практикалық, мұнда ата-аналар балалармен бірге өзара түсіністік сабағын өткізді.