"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу"
30 наурыз күні "Имантау ОМ" КММ-нде әлеуметтік педагогтар Айыртау ауданы ПБ ОМПС МДП УПИ қызметкері полиция лейтенанты А. В. Кенеспен бірлесіп 7-11 сынып оқушыларымен "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу", "Kәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі" және 1-4 сынып оқушыларымен "Жол қозғалысы ережелерін сақтау", "Балалар жарақатының алдын алу" тақырыптарында профилактикалық әңгімелер өткізді.