27 сәуірде "Имантау ОМ" КММ - де 9-сыныптарда балалармен бірлесіп "Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудағы отбасының рөлі" атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Н.Ф. Юмакулова балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі туралы айтып берді, педагог-кәсіби бағдар беруші А. М. Аржикеева ата-аналарды балалары мектептен соң білім ала алатын әртүрлі білім беру мекемелерімен таныстырды. Практикалық бөлімді мектептің әлеуметтік педагогтары Г.В. Малина және Д.Х. Тумгоева өткізді, бұл бөлімде ата-аналар мен балалар бір-біріне тілектер жазды. Жиналыс соңында сынып жетекшілері дайындаған презентация арқылы балалар мен ата-аналар "Балаларыңа қамқор бол"әнін орындады.