17 сәуір күні «Имантау орта мектебі» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі И.А.Кулишева, М.А.Абиева 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын Орда және оның мұрасы» тақырыбында іс-шара – дөңгелек үстел өтті. Жошы Ұлысының құрылғанына 800-жыл толуына арналған. Оқушылар бұл оқиғаның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызы туралы өз көзқарастарын белсенді түрде ортаға салды.