«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда);
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және мыналарды көрсете отыра, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беруді жүзеге асырады:
сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
ата-аналардың тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда) және байланыс телефондары, 15 (он бес) минут ішінде. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 5 (бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін береді, 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 4 (төрт) сағат ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут ішінде.
1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қоюы;
5) қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және мыналарды көрсете отыра, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беруді жүзеге асырады:
сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
ата-аналардың тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда) және байланыс телефондары, 15 (он бес) минут ішінде. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 5 (бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін береді, 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 4 (төрт) сағат ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут ішінде.
Рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау реттілігі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы порталға тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұраныс жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын бекітуі:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс
жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың электрондық көшірмесі;
алған табысы туралы құжаттың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы туралы анықтама);
3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы электрондық сұранысты куәландыру;
4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы порталда сұранысты куәландыру (қол қою);
5) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінің» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихынан көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұраныстың мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны алуы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері порталдан түскен құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді, 15 (он бес) минут ішінде.
Көрсетілетін қызмет берушінің басшысына құжаттар топтамасын береді, 5 (бес) минут ішінде;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштаманы қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 3 (үш) сағат ішінде;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін береді, 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 4 (төрт) сағат ішінде;
10) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды; 15 (он бес) минут ішінде.
11) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінің» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихынан көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің портал арқылы функционалдық өзара іс-қимылдарын сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Нысан
Жалпы білім беретін мектептерде
тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы
АНЫҚТАМА
Осы анықтама_________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
20____- 20_____оқу жылында тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізілгендігі үшін берілді.
Облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы басшысының қолы, күні
_______________________
Мөрдің орны